Адалдық сағаты туралы
ақпарат
07 қазан күні 1-11 сынып арасында бірегей сынып сағаттары өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кезекті адалдық сағаты қоғам қайраткері, жазушы, ағартушы, "Алаш" партиясының мүшесі, ұлы тұлға Міржақып Дулатовқа арналған.
Бейне-дәріске сілтеме арқылы өтіп, оқушылар ақынның патриоттық өлеңдерімен танысты.
Міржақып Дулатовтың өмірбаяны шынайы патриот болуға, өз халқына адал және әділ қызмет етуге үйретеді.
Осы ұлы тұлғаның өмірбаяны мен творчествалық жолы туралы "Адалдық сағаты" барысында білім алушыларға айтылды.
Оқушылар бейне-дәрісті көріп, өз ойларымен бөлісті.Оның «Оян, қазақ» өлеңдер жинағы және «Бақытсыз Жамал» романы көрнекті әдеби шығармашылық және халықтың даналығы мен ізгілік үлгілері ретінде оқырманның жадында мәңгі сақталады
Ақынның шығармаларын оқи отырып, біз Отанды сүюге және қорғауға, табиғатты аялауға, адамдарды сүюге, аналарымыз бен жақындарымызды бағалауды үйренеміз.
https://www.instagram.com/p/CUuVlUqgDMt/?utm_medium=copy_link
Қосымша