Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытындысы
2021 жылы 26 сәуірде 8-11 сыныптар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы қашықтықтан болып өтті. Бұл конкурсқа №115 ЖББМ 8 сынып оқушысы Талғатбек Нұрайым « Жер және ғарыш» секциясы бойынша "Байқоңыр ғарыш айлағы мен кемелерінің зиянды әсері мен болашағы" ғылыми жобасын қорғап ІІІ орынға ие болды, жетекшісі физика пәні мұғалімі Нактаева Қатира Седыгалимовна және 8 сынып оқушысы Шокобалинова Дана ІІІ орын алды.Ол химия пәні мұғалімі Муслимова Жанылкан Бердикожаевна жетекшілігімен биология секциясы бойынша "Мектеп оқушысының тамақтану мәзіріндегі С дәрумені" тақырыбында ғылыми жоба қорғады. Жеңістерің құтты болсын!
ҒӘЖ орынбасары Бухарбай Қ.С.