МЕНЮ
27
Қазан
2022

Республика күніне арналған іс-шаралардың орындалуы туралы

ақпарат

 

Республика күні мерекесіне орай №115 жалпы білім беретін мектебінде жеке жоспар құрылып жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Республика күні мереке әдетте елдің мемлекеттігі  жарияланған күні немесе республиканың ажырамас атрибуты – ел Конституциясы қабылданған күні тойланатын басты мереке саналады. 

 

«Қыран елім-Қазақстаным!» жалпыреспубликалық мәнерлеп оқу сайысына 1-11 сынып оқушылар қатысып үздік оқушылар марапатталды.

 

19 қазан күні«Мен өз елімнің азаматымын» тақырыбы аясында мектеп  оқушылары бойынша АПФ форматында ойын өткізді.
Оқушылар азаматық мәселелерін кең көлемде ашып өз ойларын жетік жеткіп, азаматтық қатынастар жайлы пікір алмасып, олардың құқықтарын талдады.
Оппозиция өкілдері басымырақ болып, көп ұпай жинай алды. Оқушылардың дебатқа деген қызығушылығы ашылып қана қоймай, кәсіби өсімі байқала түскені анық. Оларойынғабелсендіқатысуда.

https://www.instagram.com/p/Cj9_FZIgoCz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

22
Қыркүйек
2022

«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар конкурсы

   2022 жылдың 19 қыркүйегінде «Дарын» ғылыми - практикалық орталығы №28 мектеп - гимназиясы базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың V Республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
      Байқаудың мақсаты: туған елінің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді , сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы туралы білімдерін, ұлты мен өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімдерін дамыту. №115 ЖББМ –тен 9 сынып оқушысы Ақан Жұлдыз қатысып, өзінің шығармашылық қабілетін көрсете отырып, 2 орынға иеленді. Жеңісің құтты болсын, Жұлдыз! Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Қасымов Қанат Марденович, педагог-эксперт.

Орындаған Бухарбай Қауя Сапарбекқызы

22
Желтоқсан
2021

WhatsApp_Image_2021-12-21_at_10.44.54_1.jpeg

s1.jpeg

ypravleniya2020.jpg

otdelgoroda.jpg

 sakurarus.jpg

© 2025. .