Қостанай қаласы әкімдігінің «№115 орта мектебі» ММ 2020-2021 оқу жылында негізгі орта білім беру түлегі (9 сынып) 68 оқушыны, жалпы орта білім беру түлегі (11 сынып) 45 оқушыны құрайды. Қорытынды аттестаттауға дайындық ең әуелі жылдық жоспар құрудан басталды. Нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу, сондай-ақ оқушыларға қашықтықтан сынама тестілеулерде бланкілерді толтыру тәсілімен таныстыру өткізілді. Жоспар бойынша қазан айында ақпараттық стендтердің безендірілуі: қорытынды аттестаттау мен тестілеудегі өзгерістер; бланкіні дұрыс толтыруға нұсқаулық; интернет желісіндегі адрестері; мектеп ішілік сынама тестілеу мерзімдері орналастырылды. Қазіргі таңда ЖОО-мен байланыс орнату, кәсіптік бағдар беру жүзеге асырылып келуде. Ата-анамен жұмыстарда қалыс қалмауда. Соның ішінде: ата-аналарға онлайн түрде қорытынды аттестаттаудың өткізу ережелері, дайындық ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, оқушыларға қорытынды аттестаттау барысында өзін-өзі ұстау ережесі (психологиялық көмек) туралы қашықтан байланыс орнатылып, қажетті ұсыныстар берілді
|
---|