МЕНЮ

1 –ші сыныпқа қабылдау

2021 жылдың 1 – ші сәуірінде

басталатындығын хабарлаймыз!!!

Құрметті ата-аналар (заңды тұлғалар) !!!

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының  «Қостанай қаласы  білім бөлімінің  №115 жалпы білім беретін мектебі»  «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» қағидатына  сәйкес 1 сыныпқа  қабылдау 2021 жылдың 1 – ші сәуірінде басталатындығын  хабарлаймыз!!!

      Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметт автоматтандырылған және «SAKURA»  ақпараттық жүйесі және WWW.egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

«SAKURA» электронды мектебі 6 жастан бастап балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды мектепке қабылдау процесін автоматтандыруға арналған.

Енді сіз интернет-портал арқылы 1-ші  оқуға  қабылдау электронды форматта өтініш бере аласыз.

Бұл жүйе келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

- балаларды 1-ші сыныпқа қабылдау туралы өтінішті тіркеу;

- тұрғылықты жері бойынша мектебіңіздің нөмірін білу мүмкіндігі;

- өтінім беру мүмкіндігі және оны қарау процесін. Мектепке барудың қажеті жоқ қашықтықтан басқару;

- келіп түскен өтініштерді қарау және растау.

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның заңды өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге заңды өкілдерінің) бірінің көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, оның өкілінің электрондық қолымен қол қойылған электрондық құжат түріндегі өтініші;

2) туу туралы куәліктің электрондық көшірмесі (егер бала 2008 жылға дейін туылған болса);

  1. №062/-3 формаға сәйкес "Бала денсаулығы паспорты" және  №063/у формаға сәйкес    профилактикалық егулер картасы;
  2. 2 дана көлемінде баланың 3x4 см өлшемді цифрлық фотосуреті.

  Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізімге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

Электрондық нысандағы мемлекеттік қызмет

                                                     - бұл ыңғайлы, жылдам, уақтылы!!

 

Байланыс телефоны : 8-714-2-39-65-02.

s1.jpeg

ypravleniya2020.jpg

otdelgoroda.jpg

 sakurarus.jpg

© 2025. .