Мектепте 1 қабатта «Парасатты азамат» ақпараттық стенді бар. Стенд ай сайын жаңартылып отырады. Бұрыштың басты мақсаты-азаматтыққа, патриотизмге, адамның құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне құрметпен қарауға, адамгершілік сезімдер мен этикалық санаға, сыбайлас жемқорлықты қабылдамау мәдениетіне тәрбиелеу, еңбексүйгіштікке, оқуға, еңбекке, өмірге шығармашылық тұрғыдан қарауға тәрбиелеу
«Адал ұрпақ» ерікті клубы ұйымының жоспарына сай 9-11 сынып оқушыларының арасында «Транспарентті және есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Жастардың тұлғалық рухани және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру. Оқушылардың саяси курс туралы білімдерін қалыптастыруға, ой өрістерін кеңейтуге, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдетуге үлес қосу.
Сынып сағатында оқушылар халық алдында есеп беретін ашық мемлекет құру туралы әңгімелесті. Тыңдаушылар мемлекеттік органдар басшыларының жыл сайын халық алддында есеп беруін ресми сайттарда үнемі жариялап отыру арқылы тәжірибе енгізу азаматтардың шешім қабылдауға қатысуға нақты мүмкіндік алатынын атап өтті. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы процестер жасау. Сонымен қатар сынып сағаты барысында оқушылар «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмысының артықшылықтарын атап өтті.
«Біріншіден, мемлекеттік органдар басшыларының есеп беру тәжірибесін кеңейту қажет. Екіншіден, шешім қабылдау процесінің ашықтығын қамтамасыз ету. Үшіншіден, азаматтық бюджеттеуді енгізу керек. Төртіншіден, апелляциялық жүйені күшейту маңызды. Бесіншіден, өзін-өзі реттеудің қоғамға кеңінен енуін қамтамасыз ету қажет. Азаматтық қоғам институттарына әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтер көрсетуге байланысты өкілеттіктерді бере отырып, мемлекеттік органдардың жауапкершілік салаларын біртіндеп қысқарту қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Шындығында, Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» - бұл бір жағынан жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болса, екінші жағынан жаңа тарихи жағдайларда дамыған мемлекеттердің отыздығына ұмтылу жоспары болып
табылады. Ендеше, халыққа есеп беретін мемлекетті қалыптастыру – елімізді жаңғыртудың жарқын жолына айналатыны сөзсіз.
Ендігі міндет – оның сапалы орындалуын қамтамасыз етуде тұр.
Тәуелсіз еліміздің кемелденуінде жастардың рөлі зор. Мемлекеттігіміздің тұғырын бекітетін де, бағыт-бағдарын айқындайтында – білімді жастар. Сол жастарымыз мемлекетіміздің тағдырына бейжай қарамайтындай болып қалыптасуы жолында көп жұмыстар атқаруымыз керек. Себебі, әлемдік даму тарихында келешек жастарға сенім артқан ұлтқа алға қойған мақсат, мұраттарына қол жеткізіп, дамудың даңғыл жолына түскені айқын. Ел тағдырына араласатын ұрпақтың сана-сезіміне дұрыс бағыт-бағдар беріп, олар ертеңіміздің жарқындығын сезініп өсуі тиіс. Жас жеткіншектердің алдыңғы буынға қарап бой түзейтіні белгілі. Көшбасшысының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан халқы жаңылыспай, адаспай, алға адымдауда. Бүгінгі әрбір жас қазақ халқы үшін алға жылжу мен тоқтамаудың маңызы мен жауапкершілігін шынайы сезінуі тиіс.
Акцияның мақсаттары мен міндеттері:
- Қоғамда сенім атмосферасын біртіндеп құру және оқушыларға өздерін адал адам ретінде сезінуге мүмкіндік беру
- Бейтаныс адамдардың сенімін ақтау
- "Сыбайлас жемқорлыққа иммунитеті» қалыптасытыру
Сынып оқушылары үшін акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Бұл акция біздің мектепте мектеп (буфет) тамағы аясында ұйымдастырылған. Оқушылар біздің буфет өнімдерін сатып алуға және сатушысыз өз бетінше есеп айырысуға мүмкіндік алды, осылайша өздерін адал екендіктерін тексеріп, акция идеясын қолдады. Акцияға мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Сонымен қатар мектепте "Адал дүкені" ұйымдастырылып оқушыларқызығумен шараға қатысты.
Ай сайын "Адал Ұрпақ" клубының отырыстары мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде әзірленген және оқушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру, жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру міндеттерін шешу үшін білім беру мекемелерінде іске асырылатын, жеке тұлға, қоғам және мемлекет мүддесінде оқыту мен тәрбиелеудің үрдісі мақсатында өткізіледі.