"Ұшқыр ой алаңы" мектепішілік дебаттық турнирі

  2021 жылдың қазан айының 23 жұлдызында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №115 жалпы білім беретін мектебі» КММ  Қазақстан Республикасында білім берудің және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған,  мемлекеттік бағдармасын орындау мақсатында «Оқушылардың дебаттық қозғалысы «Ұшқыр  ой алаңы» жалпы ұлттық мәдени – білім беру жобасын іске асыру туралы, сонымен қатар пікірталас қозғалысын жандандыру мақсатында «Интернетке қарағанда теледидар қоғамға көбірек әсер етеді» атты кең ауқымды тақырып негізінде "Ұшқын " дебаттық клубының мектепшілік дебат турнирі өткізілді.  Берілген қарары бойынша интернетпен теледидар арасындағы әсері жоғары сынып оқушылары арасында мардымды пікір алаңына айналды. Берілген қарар даттаушы топтың пікірі арқылы өз дәрежесінде талқыға алынып жақтаушылар тарапынан өзіндік көзқарасқа ие болды. Қозғалған мәселеге факті ұсыну арқылы дұрыстықты саралап, айқындыққа көз жеткіздік.  Турнир нәтижесі бойынша үздік командалар анықталды.  

 

15555.jpg1244444.jpg

 

1666666.jpg112121212.jpg