«DEINDE 4.0»STEM-білім беру» қалалық фестивалінің
қорытындысы
«Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ мен «Дарын» қалалық ғылыми-практикалық орталығының 2020-2021 оқу жылының жоспарына сәйкес зияткерлік-дарынды оқушылардың зерттеу әлеуетін арттыру мақсатында «Дарын» қалалық ғылыми-практикалық орталығы «Қостанай қаласы білім бөлімінің №3 мектеп-гимназиясы» КММ бірлесе отырып,2021 жылдың 24 мамырында қашықтық форматта«DEINDE 4.0» STEM-білім беру» қалалық фестивалін өткізілді. Біздің мектептен бастауыш сыныптарынан қатысқан 4 оқушы да, «Қағаз ұшақ» номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болды. 4 сынып оқушысы Сагитова Адина 1 орын, жетекшісі Бакубаева Рауза Абдурахмановна, 1 сынып оқушысы Хамитова Жанару 1 орын, жетекшісі Байменова Марзия Магауевна. 3 сынып оқушысы Сералин Сержан 2 орын , жетекшісі Ибраева Эльмира Адильбековна, ал 2 сынып оқушысы Мирамхан Дильназ 3 орынға ие болды. Жетекшісі Исембаева Сандуғаш Болатовна. Жеңістерің құтты болсын!
Орындаған ҒӘЖ орынбасары Бухарбай Қ.С.