«Сыни ойлауды дамыту арқылы заманауи сабақтың мүмкіндіктерін жетілдіру» тақырыбында теориялық-практикалық семинары

 30  сәуір күні мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде қалалық деңгейде «Сыни ойлауды дамыту арқылы заманауи сабақтың мүмкіндіктерін жетілдіру» тақырыбында теориялық-практикалық семинары болып өтті. Семинардың ашылуынада қалалық білім бөлімінің әдіскері Жанар Дуйсенбаевна қазақ тілі мұғалімдеріне сәттілік тіледі. Семинарда қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері  Әлиаскарова  М.Қ. «Нағыз әже қайда?» тақырыбында ашық сабақ, Сыздыкова Д.Ж. «Нарынқұм зауалы» тақырыбында, Усманова А.К. «Фантастика» тақырыбында ашық сабақтар берді. Сабақта жаңаша әдіс-тәсілдерді қолданып, білім алушылардың қажеттіліктерін ескере білді. Семинарға қала мектептерінен қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері шақырылды. Санитарлық жағдайды сақтай отырып сырттан келген мұғалімдер сабақты онлайн қарап отырды. Семинар соңынан «Сыни тұрғыдан ойлау әдәсән сабақта қолданудың тиімділігі» тақырыбында қала мұғалімдерімен коучинг өткізді. Семинар жоғары деңгейде өтті деп кері байланыс жасап , алдағы уақытқа сәттілік тіледі.

ҒӘЖ орынбасары Бухарбай Қ.С.