Ашық сабақтар

     28 сәуір күні мектебімізде бастауыш сыныптар бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. №27 мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен болып жатқан бірлескен жұмыс өз жалғасын табу мақсатында қонаққа шақырылды. Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Эльмира Адильбековна       3 «А» сыныбында әдебиет сабағынан «Суыр сұңқар, су қайда?» тақырыбында ашық сабақ берді. Сабақта қазіргі заман талабына сай жаңа әдіс-тәсілді қолдана отырып, білім алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра білді. Оқушылардың бірлескен жұмысы үшін желілік ресурстарды іске қосып, сындарлы кері байланыс жасауға  жағдай жасады. 2 «А сыныбында әдебиеттік оқу пәнінен «Даңғой» тақырыбында ашық сабақ болды. Өткізген бастауыш сынып мұғалімі Исембаева Сандуғаш Болатовна. Сабақта белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, оқушылардың ойлау, есте сақтау, т.б.  дағдыларын дамыту мақсатында тапсырмалар берді. Сабақтар оқу мақсаттарына сай өткізілді. Келген қонақтар кері байланыс жасап, сабақтар өте жоғары деңгейде болғандығына ризашылықтарын білдірді.

ҒӘЖ орынбасары Бухарбай Қ.С.