Әдістемелік күн

    24 сәуір күні №27 жалпы білім беретін мектепте бірлесе жұмыс жасау жоспары негізінде «Үнемі жақсарту  вирусы» тақырыбында педагогикалық марафон  бастауыш сынып пен мектепалды даярлық сыныбы бойынша әдістемелік күн өтті. Әдістемелік күнге №115 жалпы білім беретін мектептен бастауыш сыныптар мұғалімдерін әдістемелік күнде бірлесе жұмыс жасауға шақырған болатын. Мектепке кірген уақыттан бізді флешмоб билеп қарсы алды. Педагогикалық әдістемелік күн  үш бөлімнен тұрды. І бөлім «Кураторлық әдістеме» бастауыш сынып бірлестік мұғалімдерімен таныстырды. ІІ бөлімде «Педагогикалық турнир» жаңартылған білім бағдарламасы негізінде жаңаша әдіс тәсілдерді қолданып, сабақтардан үзінді өткізді. Сабақтар өте қызықты өтті. ІІІ бөлім «Іс- әрекетті зерттеу» кері байланыс болды. Онда әдістемелік күннен алған әсерлерін «Алты қалпақ» әдісін қолданып кері байланыс жасады. Алған әсерлеріміз жоғары деңгейде болды. Әдістемелік күн әрі қарай жалғасын табады деп ойлаймын