Қостанай қаласының ғылыми интеллигенциясының
«Оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысуға даярлау олимпиадалық резерв мектебі» дауыс берудің маңыздылығы тақырыбындағы семинарының өтілуі туралы ақпарат
«Қостанай қаласы білім бөлімінің №115 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де 27 қыркүйек күні «Оқушыларды олимпиадалар мен ғылыми жобаларға қатысуға даярлау олимпиадалық резерв мектебі» дауыс берудің маңыздылығы мен 9-11 сынып оқушыларын таныстырып өтті. А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға
оқытушысы, докторанты Жусупов Руслан Батырханұлы сайлау ережелері таныстыру мен қоғамның әр мүшесі сайлау үдерістеріне қатысудың маңыздылығын атап өтіп, бүгінгі күні елімізде тәуелсіздік пен ұлттық мемлекеттілікті нығайту жолында да ұлан-ғайыр істер атқарылып келеді. Осы аса жауапты саяси-тарихи миссия аяғына дейін толық жетуі үшін де президенттік сайлауға қатысып дауыс беруіміздің қажеттілігі айрықша. Президенттік сайлауға неғұрлым көбірек қатысып, дауыс беру арқылы біз өзіміздің таяудағы келешегімізді айқындай алатынымызды естен шығармау керектігін айтып өтті.