Құрметті азаматтар, балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін факторлардан қорғау бөлігінде ҚР заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігін еске саламыз.

? Темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні жылытуға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды түнгі клубтарда, дискотекаларда тұтынуғатыйым салынады; («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 110-бабы).

? Баланың заңды өкіл

дерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына, сол сияқты онда жіберілуіне тыйым салынады («Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 4-тармағы).

? Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (таңғы 22-ден таңғы 6-ға дейін) заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін кәсіпкерлер мен ата-аналар әкімшілік жауапкершілікке тартылады («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-бабы, 442-бабы 1-бөлігі).

? Балаларға баланың рухани және адамгершілік дамуына зиян келтіретін кинофильмдер мен мультфильмдер көрсетуді жүзеге асыруға тыйым салынады («Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабы).

⏩ Толығырақ карусельде қараңыз.

WhatsApp_Image_2023-02-21_at_18.07.41.jpeg  WhatsApp_Image_2023-02-21_at_18.07.40_2.jpeg

 

WhatsApp_Image_2023-02-21_at_18.07.40_1.jpeg  WhatsApp_Image_2023-02-21_at_18.07.40.jpeg