« Қаржылық сауаттылық сабағы»
Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары Дидар Сапарбекович Абилкакимов жүргізген, 2022 жылғы 7 желтоқсанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің № 115 жалпы білім беретін мектебі» КММ жоғары сынып білімалушыларына «Қаржылық сауаттылық сабағы» өтті.
Дидар Сапарбекұлы қол жетімді нысанда банк карталарымен, интернет-сатып алулармен және қаржы пирамидаларымен байланысты қаржылық алаяқтық схемалары туралы айтып берді. «Қаржылық пирамидасының 10 белгісі» тақырыбы бойынша ролик көрсетілді
Білімалушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі болып табылады, өйткені бұл білімалушылардың қазіргі экономикалық жағдайларға практикалық дайындаудың кілті.
Сабақ қызықты әрі танымды өтті. Білімалушылар қаржылық қауіпсіздік бойынша көптеген жаңа ақпарат алды, пайдалы жаңалықтарға ризашылықтарын білдірді.