Республика күніне арналған іс-шаралардың орындалуы туралы

ақпарат

 

Республика күні мерекесіне орай №115 жалпы білім беретін мектебінде жеке жоспар құрылып жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Республика күні мереке әдетте елдің мемлекеттігі  жарияланған күні немесе республиканың ажырамас атрибуты – ел Конституциясы қабылданған күні тойланатын басты мереке саналады. 

 

«Қыран елім-Қазақстаным!» жалпыреспубликалық мәнерлеп оқу сайысына 1-11 сынып оқушылар қатысып үздік оқушылар марапатталды.

 

19 қазан күні«Мен өз елімнің азаматымын» тақырыбы аясында мектеп  оқушылары бойынша АПФ форматында ойын өткізді.
Оқушылар азаматық мәселелерін кең көлемде ашып өз ойларын жетік жеткіп, азаматтық қатынастар жайлы пікір алмасып, олардың құқықтарын талдады.
Оппозиция өкілдері басымырақ болып, көп ұпай жинай алды. Оқушылардың дебатқа деген қызығушылығы ашылып қана қоймай, кәсіби өсімі байқала түскені анық. Оларойынғабелсендіқатысуда.

https://www.instagram.com/p/Cj9_FZIgoCz/?igshid=YmMyMTA2M2Y=


Отанын, туған елін сүюге тәрбиелеу, мемлекет құндылықтарын, рәміздерін құрметтеуге үйрету мақсатында Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» атты диктант өтті.
Қорытындысы бойынша оқушылар диктант жұмысын жақсы көңілмен, назар аудара отырып жазуға тырысты. Жалпы сыныптың жазба жұмысын орындауға ынта-жігері, дағдысы жақсы деңгейде.https://www.instagram.com/p/Cj7MkARALUn/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

Республика күніне орай мектепшілік«Қыран елім – Қазақстаным!» атты8-11 сынып оқушыларыныңарасында баскетбол, волейбол, шағын футбол спорт түрлерінен жарысы өтті.Үздік оқушылар марапатталды.

https://www.instagram.com/reel/Cj5EkXKgK5T/?igshid=YmMyMTA2M2Y=

21 қазан күні «Патриотизм дауысы» тақырыбында мемлекеттік әнұранды оқушылар жаппай орындады. Әнұранды оқушылар орындай отырып оқушылардың жігеріне жігер қосты, қуат-қайрат берді, бірлігіне ұйытқы болды.Әнұран мемлекеттік рәміздердің бірі ғана емес, бірегейі. Адамды рух беріп көтеріп, ерекше патриоттық сезімге бөлейтін музыкалық шығарманы оқушылар жаппай орындады.

«Қазақстан-туған жерім,туған елім!» тақырыбында 1-11 сынып оқушыларымен бірыңғай республикалық сынып сағаты өткізілді.Мақсаты оқушыларға қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, рәміздері бар тәуелсіз ел екенін түсіндіріп, ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу болды.

Сабақ барысында  Қазақстан тарихына шолу жасалды, видео қаралды. Сұрақтар қойылып, оқушылардың жауабы тыңдалды. Өз ойларымен бөлісті. Туған ел туралы өлең шумақтары оқылды.