«Менің кіші Отаным» жас тарихшылар конкурсы
2022 жылдың 19 қыркүйегінде «Дарын» ғылыми - практикалық орталығы №28 мектеп - гимназиясы базасында 9-10 сынып оқушыларына арналған «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың V Республикалық зияткерлік конкурсының қалалық кезеңін өткізді.
Байқаудың мақсаты: туған елінің тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды, олардың шығармашылық қабілеттерін анықтау, қоғамдық белсенділікті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында қазақстандық патриотизм мен азаматтық сезімді , сондай-ақ оқушылардың өлкетану және Қазақстан тарихы туралы білімдерін, ұлты мен өзінің кіші Отаны үшін мақтаныш сезімдерін дамыту. №115 ЖББМ –тен 9 сынып оқушысы Ақан Жұлдыз қатысып, өзінің шығармашылық қабілетін көрсете отырып, 2 орынға иеленді. Жеңісің құтты болсын, Жұлдыз! Жетекшісі тарих пәні мұғалімі Қасымов Қанат Марденович, педагог-эксперт.
Орындаған Бухарбай Қауя Сапарбекқызы