Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №115 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі»

 

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарасаңында мектеп мұғалімдері арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау, сол арқылы салауатты өмір салтын дәріптеу бойынша спорттық сайыс ұйымдастырылды. Осы мақсатта Қостанай қаласының мемлекеттік тілде білім беретін мектептері (ГСМ, №9 ЖББМ, №15 ЖББМ, №20 ЖББМ, №115 ЖББМ, №28 мектеп-гимназиясы) арасында «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту», «Қол күрес», «Гір көтеру», «Волейбол» «Дартс», «Үстел теннисі» сайыстар өткізілді. Жалпы саны сайысқа 80 мұғалім қатысты. Барлық мұғалімдер өздерін спортқа шымыр, жеңіске құштар екендіктерін көрсетті. Мектеп жұмысы, сабақ беру, құжаттармен жұмыс сияқты күнделікті жұмыстан басқа салауатты өмір салтын ұстанатындықтарын паш етті.

Сайыс нәтижесі бойынша жалпы командалық есепте І орынға «№115 жалпы білім беретін мектебі», ІІ орынға «№28 мектеп-гимнаизиясы» ІІІ орынға «№15 жалпы білім беретін мектебі» ие болды. Барлық жеңімпаздарды құттықтай отырып, үздіксіз білім мен тәрбие беріп жүрген мектеп мұғалімдерінің спортты сүйетіндіктерін тағы бір рет дәлелдегені көңілімізді көтеріп отыр.

 

 

                                     4554554545q.jpg                             87887888998q.jpg

 

656555222q.jpg  455445555q.jpg